Отбасы маңызды әлеуметтік институт болып табылады, оның шеңберінде жеке тұлғаны алғаш әлеуметтендіру жүзеге асырылады. Соңғы уақытта отбасы институтын нығайту қажеттілігі туралы мәселе кеңінен талқылануда. Қазіргі заманғы отбасы бірінші кезекте бала-ата-ана қарым-қатынасында көрініс тапқан белгілі бір трансформация процесінен өтті деуге болады. Көбінесе ата-аналар материалдық пооблемаларға алаңдаулы. Олардың көпшілігі уақытының көп бөлігін балалармен сенімді қарым-қатынас орнатуға, олармен қарым-қатынас жасауға емес, еңбек жолына және табыс табуға жұмсайды. Көбінесе ата-аналар баланың тәрбиесін мектепке дейінгі мекемелер мен мектепке жүктеп жібереді, бұл балалардың әлеуметтенуіне және олардың эмоционалды жағдайына әсер етеді. Бұл баланың бойында оқшаулану мен жалғыз сезіну, қарым-қатынас жасауда қиындықтарды қалыптастырып, болашақта психологиялық сипаттағы проблемаларға алып келуі мүмкін. Ата-аналар мен балалар арасындағы әлеуметтік байланыстар әлсірейді, туыстық пен ата-ананың маңыздылығы төмендейді10. Ата-ана тәрбиесі отбасының жетекші функциялары арасында ерекше орын алады, өйткені баланың әл-ауқаты ғана емес, сонымен бірге қоғам мен мемлекеттің болашақ тағдыры ата-аналардың осы процесс үшін жауапкершілікті сезіну дәрежесіне байланысты. Отбасы жас ұрпақты тәуелсіз ересек өмірге дайындап, экономикалық және зияткерлік қызмет қабілеттерін дамытуы керек. Балаларды тәрбиелеу ата-аналардан эмоционалды, материалдық, физикалық сипаттағы едәуір шығындарды, балалармен мақсатты өзара іс-қимыл жасау үшін жеке мүдделері мен қызығушылықтарын іске асырудан саналы түрде бас тартуды талап етеді. Бұл жағдайда ата-аналардың баламен тікелей байланысу үшін қажетті уақыт бөлуге дайын болуы ерекше маңызды. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге және олармен қарым-қатынас жасауға бөлетін уақытының ұзақтығы сияқты тәрбиелеу үшін маңызды факторға тиісті баға бере отырып, «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ өткізетін зерттеулер қазақстандық ата-аналардың балалармен өзара іс-қимылының ерекшеліктерін анықтады. «Отбасылық-демографиялық саясат – 2020»11 әлеуметтанулық зерттеуінің нәтижелері балалар отбасының маңызды ресурсы және құндылығы екенін көрсетеді, олар отбасылық жүйеде көптеген функцияларды мүлдем сезінбей-ақ атқара береді. Мәселен, 2020 жылы сұрау салынған респонденттердің балалармен өткізетін бос уақыт саны артты, «мен балалармен үнемі боламын» жауабын таңдау көрсеткіші 9,7% - ға және «күн сайын бірге болуға тырысатындардың» үлесі 6,7% - ға өсті. Екі жыл бойы жүргізілген сауалнамаларда балалармен қарым-қатынасқа кедергі келтіретін маңызды 10 А.М. Прихожан Жетімдік психологиясы/А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых. – 2-басылым. – СПб.: Питер, 2005. 11 «Отбасылық-демографиялық саясат-2020», «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ 2020ж. 8 АТА-АНА БОЛУ МОДЕЛЬДЕРІ ЖӘНЕ АТА-АНА ӘЛЕУЕТІ ТАЛДАМАЛЫҚ БАЯНДАМА қиындық ата-аналардың жұмысбастылығы болып қала береді. Бұл көрсеткіштің шамасы 2020 жылы 42% - ға дейін өсті, өсім 2019 жылмен салыстырғанда 11,1% - ды құрады. Үй жұмысының көптігіне байланысты балаларға уақыт бөле алмайтындардың үлесі 3,2% - ға өсті. Бүгінгі таңда қазақстандық жастар арасында некеге және ата-ана рөліне дайын болмау үрдісі байқалады. Талдау көрсеткендей, қазіргі қоғамдағы жастардың едәуір санында ата-ананың маңызды қасиеттері өзгеріске ұшыраған, оның көріністерінің бірі – бала тууға және оларды тәрбиелеуге жасырын түрде құлықсыздық таныту, тіпті ашық түрде бас тарту. Құндылықтарды қайта бағалау пайда болды – материалдық басым, мансап отбасыдан жоғары, ал ашық қарым-қатынас басқа адамның тағдыры үшін жауапсыздықтың ең ыңғайлы тәсілі ретінде дамиды. Көптеген жастар «азаматтық неке» (бірге тұру) – бұл отбасының жаңа моделі деп санайды, ал кейбіреулері тіпті отбасылық құндылықтарға күмән келтіреді. Осылайша, ата-ана болу институтын және ішкі отбасылық қарым-қатынасты нығайту бойынша ауқымды және мақсатқа бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Жұртшылықты, педагогикалық және психологиялық ғылымдарды, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мамандарды тарту талап етіледі. Отбасының жұмыс істеуі саласында қазіргі заманғы отбасыларға білім беру және консультациялық қолдау бағдарламалары өзекті болып табылады. Ата-ана болудың маңыздылығы жөніндегі ұстаным басым қоғамдық ұстанымға айналуы және шығармашыл ата-ана болуға түрткі болуы керек. Ата-ана әлеуетін және ата-ана болудың оңтайлы модельдерін қалыптастыру саласындағы проблемалық аспектілерді анықтау және оларды шешу жолдарын анықтау маңызды. Зерттеудің мақсаты ата-ана болу модельдерін зерделеу және ата-ана болу саласындағы отбасылық саясатты жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі негізгі зерттеу міндеттерін шешу көзделеді: 1) әлеуметтік институт ретінде ата-ана болудың мәнін талдау; 2) ата-ана болудың негізгі модельдерін зерттеу, өлшемшарттарын анықтау, ата-ана болу моделінің типологиясын әзірлеу; 3) ата-ана болу модельдерінің шетелдік тәжірибесін зерттеу; 4) Қазақстанда ата-ана болуды дамыту үрдістерін зерттеу және оның қазіргі заманғы жай-күйін айқындайтын жағдайлар; 5) ата-ана әлеуетін зерттеу және ата-ана болу саласындағы отбасылық саясатты жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлеу