"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Азат отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылға арналған есеп

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылға арналған есеп

1. Жалпы ережелер

         1)   «Ақмола облысы Білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің  Азат ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ    Заңды мекенжайы Ақкөл ауданы, Азат ауылы Алаш көшесі 5

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

  Мектепте мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі

2021 жылы 59 қызмет көрсетілді;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 11;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 43;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 5.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 3) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруүшін құжаттарды қабылдау»;

        «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».

        «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»

            2. Қызмет алушылармен жұмыс:

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

          Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің http://sc0006.akkol.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi

 ресми интернет-ресурсында қолжетімді. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері келтірілген. Мектепте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

          2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

          Қазіргі уақытта ішкі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің нтернет-порталында жүзеге асырылады.. Мектеп нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.   

          3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

          2021 жылы мектеп БАҚ пен әлеуметтік желілерде 1 бейнеролик пен 1 мақала жариялады. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

          3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету  және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет жүзеге асырылуда.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

  Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  2022 жылы мектеп жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша  жұмысты  жалғастыратын болады.

 

 

 

Мектеп директоры:       Серікберген  Ж

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.02.2020 10:24
Құрылған күні: 10.03.2022 17:25

Текст