"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Азат отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Азат ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

   «Ақмола облысы Білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің  Азат ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ                                                                                                     

2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

 

2022 жылы Азат орта мектебі бойынша мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі:

  1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау
  1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
  2. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру" ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
  3. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру.

5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»

 

Ағымдағы 2022 жылы  Азат орта мектебінде 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді, сонын ішінде:

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - 35;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 15;

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру» -2

 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» -9

 

         Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенд көрнекі ресімделген, сондай-ақ халықпен электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картриджермен, "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" ұйымдастырылған және жабдықталған.

 

 

Ақкөл ауданының "Азат орта мектебі" КММ-де 2022 жылы қызмет алушылар тарапынан  мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

Жаңартылған күні: 29.12.2022 11:36
Құрылған күні: 29.12.2022 11:36

Текст