"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Азат отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ жетекші мектеп ретінде «LESSON STUDY БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ» тақырыбында семинар өткізілді

17.11.2023

“Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Жетекші мектеп ретінде ұйымдастырылған «LESSON STUDY  БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ»  тақырыбындағы өткізілген семинар туралы ақпарат

 

Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері К.А. Ахметованың жетекшілігімен “Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ жетекші мектеп ретінде «LESSON STUDY  БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ»  тақырыбында  семинар өткізілді. Семинарға “Жалғызқарағай ауылының Кирдищев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ, “Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ, Саздыбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі” КММ серіктес мектептерінің қоғамдық-гумманитарлық пәндер мұғалімдері қатысты.   Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді.

         Семинардың ұйымдастырылу барысы серіктес  мектептерге (3 мектеп)  Жетекші мектептер жоспарына сәйкес аудандық білім бөлімінің №377 бұйрығы 14.11.2023 жіберіліп, әр мектептен  4 мұғалімнен шақырылды. Семинар бағдарламасына сай  ашылуында мектеп директорының м.а. К.Аманжол сөз сөйлеп, қатысушы мұғалімдердің  жұмысына табыс  тіледі.

«Үйрену, білу үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын  өнер» - деп  Ж.Аймауытов айтқандай «Lesson Study білім алушылардың білім сапасын арттырудың тиімді құралы ретінде»  тақырыбындағы өткізілген семинар бағдарламасымен  С. Семсерхан   таныстырды.

Мақсаты: Білім сапасы 50 пайыздан төмен көрсеткен сыныптардың оқу сапасын арттыру, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейту; Сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелерін әріптестермен бөлісу; Білімді жетілдіруде кәсіби  іс-тәжірибе алмасу.

Күтілетін нәтиже: Lesson Study үдерісі бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, тәжірибе жинақтайды, оқыту әдістемесі жетіледі; оқыту мен оқу тәжірибесінде оқушылардың білім деңгейінің артуына ықпал етеді; бірлескен өзара қарым-қатынас орнайды.

Семинар мектеп оқушыларының шағын концертімен ашылды.

WhatsApp Image 2023-11-16 at 09.59.07 (1)  WhatsApp Image 2023-11-16 at 09.59.06 (1)

Семинар мектебіміздің Lesson Study шығармашылық тобының жетекшісі  химия-биология пәнінің мұғалімі Д. Едилипова  өткізген Ұйымдастыру  тренингімен басталды. Бұл сәтте әрбір ұстаз  өзінің таныстырып, өзін жақсы көріп, әрі бүгінгі күн үшін, жанындағы ұстазға өз ықыласын сыйлап жақсы  көңіл – күй тіледі.

WhatsApp Image 2023-11-16 at 09.47.18   WhatsApp Image 2023-11-16 at 11.55.41

Келесі кезеңде  7-8 “А”, 7-8 “Б”, 10-11 “А” сыныптарында ашық сабақтар өткізілді: қазақ әдебиеті - Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі  мен әдебиеті  пәні  мұғалімі Төлеген Қ.Т. «Қазтуғанның қонысы мен қоштасуы»  7-8 “А” сынып, қазақ тілі мен әдебиеті Т2- Жалғызқарағай ауылының Кирдищев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі  мен әдебиеті  пәні  мұғалімі Толеубек Еркегуль «Тараздың бойтұмары» 7-8 “Б” сынып, орыс тілі мен әдебиеті - Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі  мен әдебиеті  пәні  мұғалімі Галымова Замзагуль Айдарбековна «Причастие» 7-8 “А” сынып, Қазақстан тарихы - Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің тарих  пәні  мұғалімі Ахметова Кымбат Тулегеновна «Қазақ халқының шығу тегі» 10-11 “А” сынып, ағылшын тілі - Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі  пәні  мұғалімі  Еслямова Жадыра Дюсенбіқызы «Housework. Grammar: Present Continuous» 7-8 “Б” сынып.

WhatsApp Image 2023-11-16 at 09.52.52   WhatsApp Image 2023-11-16 at 09.57.54   WhatsApp Image 2023-11-16 at 09.52.53

 

WhatsApp Image 2023-11-16 at 11.55.40 (1)   WhatsApp Image 2023-11-16 at 11.55.39 (1)

 

WhatsApp Image 2023-11-16 at 11.55.40 (2)  WhatsApp Image 2023-11-16 at 11.55.39 (2)

         Шеберлік сыныптар өткізіліп, қатысқан мұғалімдер өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алысты. Семинардың өзектілігі қатысушы мұғалімдер өздерінің мектептеріндегі сыныптарында өткізген  Lesson Study  үдерісі негізінде ынтымақтастық қарым-қатынаста іс-тәжірибе аламасты. Саздыбұлақ ауылы мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Которина Айгуль Шайзандаевна  “Тарих сабағына оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қолданылатын әдіс тәсілдер”, ағылшын тілі пәні мұғалімі Тенсел Сандуғаш  “Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану”, Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пожидаева Марина Николаевна “Применение активных методов обучения на уроках русского языка и литературы в проекте Lesson Study” тақырыбында өз іс- тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып ауқымды іс нәтижелеріне тоқталды.

 

WhatsApp Image 2023-11-16 at 09.46.29 WhatsApp Image 2023-11-16 at 09.46.47

WhatsApp Image 2023-11-16 at 09.34.56 (1)  WhatsApp Image 2023-11-16 at 09.34.57

         Семинардың қорытынды кезеңінде  сабақты бақылаушы мұғалімдер білім алушылардың қатысуы жайлы ой қозғады. Сыныптардағы үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылардың білім сапасын көтеруге болатынын айтып, қандай әдіс-тәсілдерді қосу керектігін, артық болған әдіс түрлерін  атап өтті. Бұл біз үшін өте құнды ақпарат болды. Ендігі кезекте пән мұғалімдерінің  назар аудару керек тұстары айқындалды.

Мектебімізде өткен  «Lesson Study білім алушылардың білім сапасын арттырудың тиімді құралы ретінде» семинарына қатысушы мұғалімдер ризашылықтарын білдірді.

Просмотров: 3497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст