"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Азат отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚА бойынша директор жанындағы кеңес отырысы

13.12.2019

 

Азат орта мектебінің директордың жанындағы

кеңес отырысының № 4 хаттамасынан

 

Қатысқандар:18 мұғалім                                  Өткізілген күні : 12.12.2019ж

 

                                                   Күн тәртібінде:

 

1.«Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы  бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды  өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы

 

2. 9 және 11 сынып түлектерін ҚА-ға сапалы дайындық жұмыстары туралы

 

   Бірінші мәселе бойынша оқу ісінің орынбасары  Аманжол К. көрсетілген бұйрықта бекітілген қағидаларына тоқталды.

Формативті бағалаудың, білім бойыншажиынтық бағалаудың (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) өткізуде қойылатын талаптарымен таныстырды. Атап айтсақ,  БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейтінін, бір күнде үштен артық ТЖБ өткізуге болмайтынын және бір оқу пән бойынша БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейтінін ескертті.ТЖБ тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізуге болмайтынына тоқталды.

15-тармақ бойынша ЖБ өткізілмейтін және «есептелінді» (есептелінген жоқ)  деген белгі қойылатын  пәндерді айтты.

15-1 тармақ бойынша 10-11 сыныптарда инвариативті компонент тереңдетілген таңдау пәні «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» бойынша ЖБ жүргізіледі.

15-2 тармақ бойынша 7-9 және 10-11 сыныптарда вариативтік компонент есебінен таңдалған оқу пәндеріне де ЖБ өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» (есептелінген жоқ)  деген белгі қойылатынын түсіндірді.

   Бірінші мәселе бойынша оқу ісінің орынбасары Ж.Серікберген  ҚР  ғылым және білім министрлігінің 9 және 11 сыныптарды қорытынды аттестаттау өткізудің 37-тармағы, 40-41,49-тармақтарына және 62-ші,64,71,73-тармақтарына  ақпараттық-түсіндіру жұмысына тоқталды.

       9 сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынандай  нысанда өткізіледі:1)ана тілі бойынша жазбаша емтихан (эссе),

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан,3) оқу тілі бойынша қазақ тілі және орыс тілі  әдебиетінен жазбаша емтихан,4)таңдау пәні бойынша    (география, биология) пәндерінен жазбаша емтихан (4 пәннен) тапсыратын болады.

      11 сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынандай  нысанда өткізіледі: 1)ана тілі бойынша жазбаша емтихан (эссе),2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан,3) оқу тілі бойынша қазақ тілі және орыс тілі  әдебиетінен жазбаша емтихан, 4)таңдау пәні бойынша ( география) пәндерінен жазбаша емтихан тапсыратын болады.

   Үшінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Канапин 9 және 11 сыныптарды ҚА-ға сапалы дайындық барысы туралы тоқталды. ҚА өткізу туралы мектептің дайындық жұмыс жоспары мен қосымша сабақтар кестесімен таныстырды.Мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне 80,81-тармақтары көрсетілген ҚА өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру  жұмыстарын ата-аналар жиналысында, ӘБ отырысында өткізуді тапсырды.

 

 

 

  •  
  1. 9,11 сынып түлектеріне  «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы  бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды  өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығын ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белгіленген уақытта өткізілсін.
  2. ӘБ жетекшілері  ҚА дайындық жұмыстарын бақылауда ұстасын.
  3. Пән-мұғалімдеріне 9,11сынып түлектері үшін  жеке қосымша сабақ кестесі жасалсын.

 

Просмотров: 850


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст