"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Азат отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Азат орта мектебінің «Үздік педагог-2017» мектепішілік байқауының қорытындысы

11.12.2017

2017 жылғы 8 қараша күні Азат орта мектебінің педагогикалық

қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2017» мектепішілік байқауы болып өтті.

Байқауды өткізудің мақсаты: Педагог мәртебесін

арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген,

шығармашылықпен айналысатын педагогтарды марапаттау болып табылады.

Барлық 38 педагог ұжымның 34 педагогикалық

қызметкері қатысты.

Байқау номинация бойынша әдеттегідей үш кезең болды:

– оқытушының өзін-өзі таныстыруы (Менің кәсіби

ұстанымым);

– шеберлік-сыныбы;

– мұғалімнің шығармашылық зертханасы (қатысушы

қызметінің көркем көрінісі, сабақтарының авторлық, ғылыми-әдістемелік

әзірлемелері, оқу бағдарламалары, құралдары, оқу-әдістемелік кешендері және

т.б. болуы).

 Байқау

комиссиясының тәжірибелі мүшелері байқауға қатысушы жұмысының жүйелілігін,

олардың педагог ретіндегі қызметінің өнімділігін, олардың жаңа білім беру

технологияларды меңгеру дәрежесі, коммуникативтік мәдениет деңгейін, жеке

тұлғалық қасиеттерін талдады және бағалады.

Байқау нәтижесі бойынша жүлделік орындар келесідей

бөлінді:

        

1-орын Сливкина Елена Юрьевна, өзін-өзі тану пәнінің

мұғалімі, өзін-өзі тану ӘБ жетекшісі ;

        

2-орын  Әскерхан Ауғанбай, тарих пәнінің мұғалімі,ғылыми-жаратылыстану

ӘБ  атынан ;

        

3-орын  Төлеген Қуаныш, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,

гуманитарлық пәндер ӘБ атынан;

        

«Алғыс хат » бастауыш ӘБ атынан өнер көрсеткен  бастауыш сынып мұғалімі Хусайнова Гауһар

Нурлангазиевна марапатталды.

       

Конкурстың барлық қатысушылары әкімшілік,кәсіподақ

ұйымы атынан  арнайы грамоталармен, шағын

сыйлықтарымен марапатталды.

Мектепішілік кезең жеңімпазы әділ-қазылар мен

педагогикалық ұжым атынан «Үздік педагог-2018» 

аудандық байқауына өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сливкина Елена Юрьевна

 қатысатын болады.

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст