"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Азат отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты «Желтоқсан қаһармандары» 10-11 сыныптар

09.01.2018

Сынып сағатының тақырыбы:  

«Желтоқсан қаһармандары»

Сынып: 10-11

Өткізген мұғалімдер: Әскерхан Ауғанбай. Мұрат Дариға.

Мақсаты: Ғасырлар бойы жүргізілген

ұлт-азаттық көтерілісінің заңды жалғасындай болған ең шешуші әрі бүкіл Орта

Азия мен Еуропадағы демократиялық қозғалыстардың көшбастаушысы ретінде тарихта

қалған Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау;

Желтоқсан оқиғасының себеп –салдары оның құрбандары туралы тақырыптың

тарихи маңызын, мәнін ашу;

Оқушыларды Желтоқсан оқиғасының құрбандарын мәңгі есте сақтауға және

олардың аңсап қол жеткізіп кеткен тәуелсіздік тұғырын биік ұстауға, Отанының

адал азаматтары болуға тәрбиелеу. Оқушылаға 1986 жылғы Желтоқсан

оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру. Отан

Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері,

Интерактивті тақта, Бейнежазбалар, стикерлер.

 

Сабақтың түрі: Брейн‑ринг, аралас.

 

Барысы

Мұғалім: (1) мин

  Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан

Алатауға дейін байтақ жерімізде желтоқсанның қара дауылы үдей соғып, дүрбелең

жайлады.

  Жыл артынан жылдар жүйткіп, уақыт

шіркін толассыз зымырап өтіп жатыр. Енді, міне дауыл тербеген теңіздей

буырқанып, жолындағысының бәрін ырғалта шайқалып сол бір қастерлі де қасіретті

күндерден бергі 31-жыл да тарих қойнауына тартып барады.

  Қазақ қазақ болғалы өз бас

бостандығын, өз еркіндігі мен егемендігін күшпен де, қанмен де, ашаршылық

нәубетпен де, небір репрессиялық қуғын-сүргінмен де қорғаған.

 

-         

«Желтоқсан

құрбандарын еске алу» (1) мин

-         

Желтоқсан

құрбандары туралы видео (3) мин

 

Мұғалім: Топтарды таныстыру. Бүркіт және Қыран тобы. Бүркіт тобының басшысы: Кошекова

Айнагуль, Қыран тобының басшысы:

Асқар Бердібек

 

І. Ой шақыру:

Сұрақ қою арқылы Желтоқсан туралы ойларын ортаға салу.

Әр топтан 1 оқушыдан шығып Желтоқсан туралы баяндайды.

(10) мин

 

  Бүркіт

тобының басшысы: Кошекова Айнагуль

  1986 жылғы 16-желтоқсан –Үлкен

өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің өте қысқа

пленумы өтті. Небәрі 18-ақ минут. Осы қысқа уақыт қазақ халқының намысын жерге

таптауға жетіп – артылды.

  Жиналғандар дереу Қазақстан

компартиясы орталық комитетінің 1-хатшысы Қазақстанға отыз жылдай басшылық

еткен Дінмұхамед Қонаевты қызметінен алды. Оның орнына саяси бюроның ұсынысы

бойынша жіберілген Ульянов партия ұйымының жетекшісі Колбинді сондай

бірауыздықпен сайлады.

  Алматы қаласы 1986 жылдың

17-желтоқсанында таңғы сағат 8.00-де Брежнев алаңына жастардың алғашқы тобы

келді. Олардың саны 200-300 шамасында еді. Бара-бара қатарлары көбейді. Алаң

қарақұрым адамға лық толды. Бәрі де қазақ жастары. Олар-студент қыздар мен

жігіттер, жас жұмысшылар, оқушылар. Қолдарындағы транспоранттарда «Қазақстан

жасасын!», «Қазақстанды өз ұлтынан шыққан басшы басқарсын!», «Қазақстанды

әркімге билетпейміз!» деген ұрандар жазылған.

Қыран тобының басшысы: Асқар Бердібек

Алаңға 50 мың әскер, 20 мың милиция адамдары, 16 мыңдай жасашылар

шоғырландырылды. Ал шеруге шыққандардың қатары 10 мыңға жуық. Олар сонда да міз

бақпайды, қасқайып, сабыр сақтап, талаптарын қоюда.

  Желтоқсанның 17-нен 18-не қараған

түні алаң айнала қоршауға алынды. Шеруге шыққан жастар үш қатарлы қоршауда

қалды, жасақшылар олармен бетпе-бет келіп, алдында тұрды. Одан кейінгі қатарда

милиция, үшінші қатарда әскер тұрды.

  17-25-желтоқсан аралығында ішкі

істер бөлімдеріне 83 студент, 1168 жұмысшы, 49 қызметкер, 164 училище оқушысы,

102 жұмыссыз, 1214 комсомол мүшесі, 54 партия мүшесі әкелінді делінген. Ал 1986

жылдың 25-желтоқсанынан 1987 жылғы маусым айының соңына дейін 5327 адам

прокуратурада, 850 адам мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде жауапқа тартылды.

Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған

жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.

 

Мұғалімнің сөзі: Келесі Желтоқсан оқиғасына байланысты

бейнежазбаға назар аударайық!

 

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы видео (5) мин

 

Мұғалім:

  Қыстырмады оны ешкім құлағына,

  Қарамады көз жастың бұлауына.

  Темір жасақ тепкішіл империя.

  Қантөгістің жол берді лаңына.

 

  Шаштан сүйреп жазықсыз бұрымдарды,

  Бет ауыздан бейнесіз жырымдалды.

  Көшелерге шығуға орын болмай,

  Түршіккенбіз көргенде қызыл қанды. (1 мин)

 

Топтарға сұрақ

ІІ . Кім жүйрік:

1. ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды?

(1991 ж)

2. 1992 жыл (БҰҰ)

3. ҚР теңгесі айналымға қашан шықты? (1993)

4. 1995 жылы 30 тамыз (Ата заң)

5. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1997 ж)

6. 1999 жылы (Ұлттар бірлігінің сабақтастығы

жылы)

7. Мәдениетті қолдау жылы болып қай жыл

белгіленді? (2000)

8. 2003 - 2005 жылы қандай жыл болды? (Ауыл

жылы)

9. 1994 жылы 30 маусым (Т. Мұсабаев)

10. 1996 ж (Қуғын - сүргін құрбандарын еске алу)

(2 мин)


ІІІ. Кім тапқыр?

Енді екі топтың тапқырлығын тексереміз. Ол үшін әр

топқа сұрақтар беріледі:


Бүркіт тобы:

1.Қазақ

жастарының тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсеткен күні? (1986 жыл 16 желтоқсан) 

2.Қайрат Рысқұлбеков қай жылы дүниеге келді? (1966 жылы) 

3. Желтоқсанның аққан жұлдызы, Ақжазықтың аруы

кім? (ЛәззатАсанова) 

4. 17 желтоқсан – қандай күн болып жарияланды?

(Демократиялық жаңару күні) 

5. Қайрат Рысқұлбеков қай жылы дүниеден өтті?

(1988 жылы 21 мамыр Семей түрмесінде) 


Қыран тобы:

1. Төтенше өткен пленум неше минутта

аяқталды? Д.А. Қонаевтың орнына кім сайланды? (18 минутта. Колбин сайланды) 

2. Жастар шеруін қуғындау үшін астыртын құрылған

оперативті жоспар қалай аталады? («Құйын») 

3. «Желтоқсан-1986» ісі бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес

Президиумы құрған арнай комиссияның төрағасы кім? (Мұхтар Шаханов) 

4. Желтоқсан оқиғасын зерттеуге ат салысқан, Қайрат

Рысқұлбеков туралы жазған журналист кім? 1994 жылы «Қайсар рухты қазақ»

кітабының авторы кім? (Қаймұнар Табей) 

5. Халық жасақшысы Савицкидің өліміне байланысты

және 9 автомашинаны өртеп, 152 машинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196

әскерді жаралауына байланысты деп ату жазасына үкім шығарған, жалған жаланың

құрбаны болған желтоқсаншы кім? (Қайрат) 

                                                                                                                   (3

мин)

Мұғалімнің сөзі: Желтоқсан оқиғасына байланысты тағы бір бейнежазбаға

назар аударайық!

Бейне материал (Болмыс):  (3 мин)     

   

Рефлексия: (5 мин)                                                                                                



1. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді қағаз

бетіне жазыңыздар?

2. Қазақстанға деген жүрекжарды тілектеріңіз?

 

Қорытынды

  Мұғалім:

  Ызғарлы қыс-тоқсан күн

  Желтоқсан деп аталған.

  Желтоқсанда жастарым

  Тәңірінен бата алған.

  Батамен елім көгерді,

  Бодандық билік көнерді.

  Тәуелсіз атқан таң үшін

  Еске алам өрттей өренді,-демекші

осы Желтоқсан көтерілісінен кейін жер-жерде тәуелсіздік таңы ата бастады.

  Ән 

«Желтоқсан желі».

 

Просмотров: 1863


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст