"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Азат отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы Жолдауы –ел дамуының жарқын болашағының кепілі

10.01.2018

     Елбасының кешегі жалпы Қазақстан халқына

арнаған Жолдауға қатысты мәлімдемесі қысқа болса да мазмұнды,өзекті мәселелерді

санамалап өтті.Бұл мәлімдемесі Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді

дамуының кепілі.Өткен күннен алыс жоқ,келер күннен жақын жоқ. Жасампаз  Қазақстанның  Тәуелсіздігінің    27     жылының

арқасында жеткен жетістіктерімізді бағалай білейік. «Мәңгілік ел» идеясы, «100

нақты қадам» ұлт жоспары, «Рухани жаңғыру» кешенді бағдарламасы сияқты

стратегиялық маңызды кешенді іс-шаралар жоспарлары кезең-кезеңімен жүзеге асуда.Мысал келтірсек,«100 жаңа есім» жобасы

аясында Ақмола облысының білім, спорт,мемлекеттік қызмет саласындағы азаматтары

тізімге енді. Ақмола облысының киелі жерлері картасы жасалды. «Туған жер»

бағдарламасы аясында жанашыр, қалталы азаматтар аулының көркеюіне, білім

ордасына қамқорлық жасаса нұр үстіне нұр болар еді.Мұндай азаматтардың елімізде

өз үлестерін қосып жатқандығы әсіресе ауылдықтарды қуантады.         Мемлекетіміз осы жылдар ішінде

халықаралық түрлі экономикалық форумдар,ЭКСПО көрмесін, әлемдік қысқы

универсиада, Азияда ойындарын  т.б

көптеген іс- шараларды жоғары

деңгейде өткізгенін бәріміз білеміз.Қазақстан әлемдік деңгейде саяси  беделі жоғары.Биыл халықаралық БҰҰ-ның қауіпсіздік жөніндегі кеңесін

басқарады. 1997 жылдан бастау алған Елбасы Жолдауының кезекті 21 тарихи жолдауы

болмақ. Сондықтан Елбасы Жолдауы - жаңғырудың

тарихи нұрлы жолы болмақ. Елбасы Жолдауы әрқашан білімге қолдауға жол ашады.

Азат орта мектебінің ұстаздар қауымы жыл сайынғы жолдауда көрсетілген маңызды

қадамдарды бірлесіп талқылаймыз.Білімге қатысты өзекті мәселелерді басты назарда

ұстаймыз.2016-2017 жылы басталған

жаңартылған білім беру мазмұнына кезең – кезеңмен көшіп жатырмыз. Қазақстанда қолға алынып жатқан бағдарламалар негізгі міндеттерді

орындауға жоспарланған. Соның ішінде цифрландыру - дамыған 30 елдің қатарына қосылуға бағдарланған бірден-бір жол. Қазақстандықтар техникалық

тұрғыда едәуір сауатты. Ғылымнан білім алушылар да қалыс емес. Түрлі жобалар

дайындап, әлемдік деңгейде танылып жатыр.Биыл Елордамыз Астананың 20 жылдық

мерейтойын атап өткелі отырмыз.

   Жолдауда жүзеге асуы тиіс 10 міндеттің

ішіндегі  жетінші міндет адам капиталының

сапасына қатысты ойын айқындады.Білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі        заман        

талаптарына, экономика қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс.Мұғалім мамандығының

беделін көтеру керектігіне тоқталды.Үш тілді білім беруде, латын графикасына

көшуде мұғалімдердің атқарар жауапкершлігі зор.Себебі, жаңару ұстаздардан

басталады.Осы тұрғыда оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны аясында қайтадан

оқыған мұғалімдердің лауазымдық жалақысы біліктіліктілігіне сай 30-50 пайызға дейін өсетіндігін

жеткізді.Мектебіміздегі 38 педагог қызметкерлердің 45 пайызға жуығы жаңартылған

білім мазмұны бойынша арнайы білім жетілдіру курсынан өтті.Бұл үрдіс ары қарай

жалғасын табады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іс-шараларға ат салысып жатырмыз.Елбасы өз сөзінде барлық қоғамды

ынтымаққа, бірлікке шақырды.Себебі, ынтымақ бар жерде бірлік бар. Елбасымыз бұл

ойын әр Қазақстандықтарға терең түсінуге шақырды. Елбасымыздың барша қазақстандықтарға жүктеп отырған

міндеттерді орындауға әрқайсысымыз күш салсақ, алар асуымыз алда деп ойлаймын Бұл мәселені

халыққа жеткізуді,  жергілікті басшыларға

түсіндіру керектігіне тоқталды. Ең басты 

байлығымыз- ол қасиетті

Тәуелсіздігіміз.

 

  Серикберген Ж. –Азат ОМ

 директорының 

оқу ісі жөніндегі орынбасары

Просмотров: 572


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст