Елімізде 18 млн астам халықтың ауылдық жерде тұратыны 7,5 млн. Бұл жалпы халқымыздың санының 50% құрайды. Елбасы «Нұр Отан» партиясының сьезінде ауыл халқының жағдайын жақсартуды тапсырды. Ол үшін жергілікті әкімдер келешегі жоқ ауылдарды қысқартып, болашағы бар ауылдардың әлеуметтік жағдайын дамытуға көңіл бөлу керектігін тапсырды. Мектеп-интернаттар салуды тапсырды. Бұл мәселе бұрыннан айтылып келеді. Сол себепті үкімет алдында «Ауыл –ел бесігі» жобасын дамыту қолға алынды. Аудандық мәслихаттың халық қалаулары бұл жобаны іске асыруға нақты жоспарын бекіту қажет. Азат ауылымыз келешегі бар ауылдар қатарына жатады. Степногор –Ақкөл тасжолының қақ ортасында орналасқан, жол қатынасы жақсы. Мектебімізде 150 оқушы , мектепалды даярлық сыныптарында 39 бүлдіршін бүгінгі таңда тәрбиеленіп жатыр.Бұл көрсеткіш аудынымыздағы ауылдық жерлердегі өзге мектептермен салыстырғанда жоғары. Жас мамандар қатары көбейіп келеді. Мектеп жанындағы орынды мектеп –интернат құрылысы 2010 жылы күрделі жөндеуден өтті. Ауданымызда шалғайда жатқан, халық саны аз ауылдар қатары баршылық. Сол ауылдардың балаларын осы интернатта оқытуға бірден бір мүмкіндік туып отыр. Осы орайда бұл бағдарламаны дамытуға бюджеттен бөлінетін 90 млрд қаражат мақсатты жұмсалатынына сенеміз. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын дамыту бойынша аулылымызда интернет жылдамдығының сапасын арттыруды қажет етеді.