"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Азат отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Азат орта мектебінің үштілді білім беру бойынша ақпараты

27.02.2019
Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.
Елбасымыз  Қазақстан Халқына Жолдауында: «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезең-кезеңмен жүзеге асыруды тапсырды. Осы орайда Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бектілді. Үш тілде білім беруді дамыту бойынша 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы жасалды. 2020 жылға қарай 10-11 сыныпта оқитын түлектеріміз ЖМБ  бойынша: физика, химия, биология,  информатика пәндерін ағылшын тілінде меңгерту жүзеге асырылуда. 2007-2018 оқу жылы бітірген мектеп түлектеріміз жаратылыстану-математикалық бағытындағы  ЖОО-да медицина,техникалық мамандықтарда грант негізінде білім алып жатыр. 
2017-18 оқу жылы 2 мұғалімі Назарбаев ЗМ мен Өрлеу біліктілік арттыру орталығынан үштілділік А1, С1 деңгейі біліктілік курсынан өтті.
 Мектебіміздің 2019-2020 жылдарға арналған мектебіміздің үштілділік бойынша әдістемелік тақырыбы: «Үштілді меңгеру- жарқын болашақтың кепілі» 
Басым бағыттары:
1. Үштілділік аясында мектебімізде қазақ, орыс ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы
2. Үштіллік аясында жаратылыстану – математикалық бағытындағы  пәндерді ағылшын тілінде оқытудың негіздері»
Қыркүйек айында аудандық мәдениет үйінде «Тіл -қазына» атты қазақ тілі емлесі ережесінің жобасы мұғалімдер,қоғамдық талқылау жүргізілді.Оған  мектеп оқушылары, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ өкілдері арсында ғы сауалнамаға қатысты.
« Рухани жаңғырған ел болудың өзегі- мемлекеттік тіл » атты облыстық тіл жанашырларының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», « Отбасында Ана тілімізді ардақтайық!», «Мемлекеттік тіл- мемлекеттік қызметте» үндеуіне ат салысты.
   Облыстық «Үштұғырлы тіл- кәсіби жетістіктің белгісі» («Триединство-залог профессионального успеха») атты қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдерінің сырттай эссе байқауына қатыстық.
  «Тіл дарыны 2019 » облыстық 8-11 сынып оқушылары арасындағы наурыз айындағы байқауға мектебімізден 11 сынып оқушысы Кошекова Айнагуль жолдама алды.Жетекшісі Мұрат Дариға.
    Халықаралық « Бритч бульдог», « Русский медвежонок», « Кенгуру -лингвист» және республикалық «Дарын»  әдістемелік орталығының қашықтық олимпиадаларына тұрақты қатысып жүлделі диплом мен арнайы сертификатпен  мұғалімдер мен оқушыларымыз марапатталды.
    Гуманитарлық пәндер апталығы  қыркүйек айында Тілдер декадасы аясында мектебімізде өткізілді. Аудандық жоспарға сәйкес «Жарқын болашақ», «Тіл –халық жанын танудың кілті», «Тіл дарын», « Ж.Бектұров оқуы» байқауларға белсене қатысып, оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. Ақпан айында тоқсандық жоспарға сәйкес ЖМБ пәндер, полтехникалық пәндер апталығы  өткізілді. Үштілді оқыту бойынша шеберлік сыныптар, коучинг ұйымдастырды. NIO,mir-olimp.ru қашықтық олимпиадасына қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.
Қорыта келе, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңі көркейетіні сөзсіз. Бүгінгі таңда шетел тілін меңгеріп, әлемдік кеңістікке қанат қақсам деп талаптанған түлектеріміз де бар. Соларға сәттілік тілейміз!
 
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=179077089729138&id=100028805452517
Просмотров: 823


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст