20.05.2026
Жазғы демалыс кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында мектеп тарапынан балалар қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылар арасында жаз мезгілінде орын алуы мүмкін қауіптердің алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Түсіндірме жұмыстары барысында келесі бағыттар қамтылады:
судағы қауіпсіздік ережелері;
жол-көлік оқиғаларының алдын алу;
өрт қауіпсіздігі;
күн өту мен ыстықтан сақтану;
көшедегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік;
интернет қауіпсіздігі;
бөгде адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық;
тұрмыстық жарақаттардың алдын алу;
түнгі уақытта заңсыз жүрудің алдын алу;
құқықбұзушылық пен қадағалаусыз қалудың алдын алу.
Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог және педагог-психолог бірлесіп оқушылармен және ата-аналармен профилактикалық әңгімелер, нұсқаулықтар, сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары мен жеке кеңестер өткізеді. Сонымен қатар қауіпсіздік тақырыптарында жадынамалар тара