Текст
Оқу сапасын арттыру және оқушылардың білім деңгейін объективті бағалау мақсатында 29 қыркүйектен бастап 3–10 сынып оқушылары үшін «Bilim center» онлайн-платформасында кіріс тестілеу өткізіледі.
Кіріс тестілеудің негізгі мақсаты – жазғы демалыстан кейін оқушылардың бастапқы білім деңгейі мен дағдыларын анықтау, дайындықтағы олқылықтарды айқындау, сондай-ақ оқытуда жекелеген тәсілді қамтамасыз ету.
Алынған нәтижелер мұғалімдерге:
-түзету жұмыстарының бағыттарын белгілеуге;
-тиімді сабақ жоспарларын құруға;
-әрбір оқушыға дербес қолдау көрсетуге;
-қолданылып жүрген әдістемелердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.