Текст
9 қыркүйек күні мектебімізде Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткізілетін онкүндік аясында «Ахмет-ұлт ұстазы» атты тақырыпта 5-11сынып оқушыларының қатысуымен көңілді үзіліс ұйымдастырылды.
Іс- шарамыздың мақсаты: үзіліс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану, Ахмет атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы таным- жиегін арттыру. Қатысушы оқушыларға тәтті сыйлықтар тарту етілді. Барлық оқушылар өте белсенді қатысты. Қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Жауапты: Рахат Айсұлу